Қарамырза — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Көктерек ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2024 жылы таратылған.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде, Сілетітеңіз көлінен солтүстікке қарай 2,5 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 166 адам (81 ер адам және 85 әйел адам) болса, 2009 жылы 85 адамды (41 ер адам және 44 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданының таратылған елді мекендері