Кристоф Дюгарри (; 24 наурыз 1972https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3237, Лормон, Франция) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Мансабы Ұлттық құрамада Алғаш қатысқан ірі турнирі — 1996 жылғы Еуропа чемпионаты.
1998 жылғы әлем чемпионатында құраманың бірінші голын соқты (бірінші турда Оңтүстік Африканың қақпасына). Финалда да матч тағдырын шешкен үшінші голдағы шабуылды Дюгарри бастады.
2000 жылғы Еуропа чемпионатында үшінші турда Нидерландының қақпасына бір доп енгізді.
2002 жылғы әлем чемпионатында Франция топтан шыға алмады да, Дюгарри құрамадағы карьерасын аяқтады.
Қатысқан тунирлері
Әлем чемпионаттары: 1998, 2002 Еуропа чемпионаттары: 1996, 2000 Конфедерациялар кубогы: 2001
Жетістіктері
Командалық
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогы: 2001 Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 1996
Жеке
1998 жылғы жеңісі үшін Құрмет Легионы орденінің кавалері атанды.
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:24 наурызда туғандар Санат:Жирондада туғандар Санат:Франция футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Катар СК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары