Құлаайғыр – Есіл алабындағы өзен, Аққанбұрлық өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов және Ақмола облысы Жақсы аудандарының жерімен ағып өтеді.
Бастауы Бастауын жонды белестен алып, Аққанбұрлық өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 40 км. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толғыады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп қалады.
Жағалау сипаты Орта ағысында арнасы тік жарлы келген. Оң жағалауының биіктігі 6-12 м-ге дейін жетеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы өзендері Санат:Жақсы ауданы өзендері