Йон-Даль Томассон (; 29 тамыз 1976 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4169, Копенгаген) — даниялық футболшы, шабуылшы. 2002, 2010 жылдары әлем чемпионаттарына қатысып, бес гол соқты. Бұл — Дания футболшылары арасындағы рекордтық көрсеткіш.
1994 жылы Данияның ең жас үздік футболшысы атанды. Бұл жетістігін есейген соң да қайталап, 2002, 2004 жылдары Данияның үздік футболшысы атағын иеленді. Бұдан бөлек 1996 жылы Нидерланды чемпионатындағы "жаңа ашылған есім" номинациясын ұтып алды.
Карьерасында "Ньюкасл Юнайтед", "Фейеноорд", "Милан", "Штутгарт", "Вильярреал" секілді мықты клубтарда дп тепті. Әсіресе "Милан" сапында" табысты болды, 2003 жылы Чемпиондар Лигасы мен келесі жылы Италия чемпиондығына қол жеткізді.
Жетістіктері
Командалық
«Фейеноорд»
Нидерланд чемпионы: 1998/99 Нидерланд суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 2002
«Милан»
Италия кубогы: 2003 Италия чемпионы: 2003/04 Италия суперкубогы: 2004 Чемпиондар лигасы: 2003
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:29 тамызда туғандар Санат:Дания футболшылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Дания футбол жаттықтырушылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары