ХТСО кубогы (Халықаралық теміржолшылар спорт одағы кубогы) — 1947-2003 жылдары ұйымдастырылған халықаралық футбол турнирі. Ә дегенде оған ұлттық құрамалар қатысты да, 1959 жылдан бастап клубтық командалар бақ сынасты. Жәрмеңкелер кубогы секілді бір маусым бірнеше жылға дейін созылды.
"Қайрат" командасының қатысуы Алматының "Қайрат" командасы 1969-71 жылғы маусымға қатысты. Әуелі Чехословакияның "Локомотив" командасын өз алаңында 4:1, сыртта 1:0 есептерімен қапы қалдырды. Кейін "Славия" (Софья) командасымен кездесіп, сыртта 1:3 есебімен ұтылғанымен, өз алаңында 3:0 есебімен тізе бүктірді. Финалда әуелі "Рапид" (Румыния) командасымен сыртта 1:1 есебімен тең ойнады да, өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атандыhttp://www.fifastat.ru/cup_europe/tnteu/cmssj.html http://www.kff.kz/eng/history/cat/8/ .
"Қайрат" — осы турнирде жеңімпаз атанған тұңғыш КСРО-лық клуб.
Финалдар ЖылЖеңімпазФиналистЕсеп1947 Югославия Мажарстан2:11951 Югославия Франция7:01953—1955 ГФР3:21956—1958 Югославия ГФР2:21959—1961 «Локомотив» София «Рапид» Бухарест1:01962—1963 «Локомотив» София «Локомотив» Мәскеу3:0, 0:11966—1968 «Рапид» Бухарест «Локомотив» София3:1, 0:11969—1971 «Қайрат» Алматы «Рапид» Бухарест1:1, 1:01974 «Локомотив» Мәскеу «Локомотив» София1976 «Локомотив» Мәскеу «Локомотив» Кошице5:11979 «Локомотив» Мәскеу «Локомотив» Кошице1983 «Локомотив» Мәскеу «Локомотив» Кошице1987 «Локомотив» Мәскеу1991 «Локомотив» Төменгі Новгород2003 «Локомотив» Мездра
Дереккөздер
Сілтемелер Орталық стадиондағы мереке
Санат:Футбол кубоктары Санат:Футболдан халықаралық клубтық жарыстар