Аламүдін ауданы () — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Ел астанасы — Бішкек аудан аумағымен қоршалған, бірақ оның құрамына кірмейді.

Әкімшілік орталығы — Лебединовка ауылы.

Тарихы 1937 жылы Ворошилов ауданы болып құрылды. 1958 жылы атауы Аламедин ауданы болып ауысқан. 1990-шы жылдары аудан атауының жазылуы қазіргісіне өзгертілді.

Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 148 032 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 86 550 адамды құрайды (58,5 %), орыстар — 37 312 адам (25,2 %), ұйғырлар — 5503 адам (3,7 %), қазақтар — 2161 адам (1,5 %), өзбектер — 2032 адам (1,4 %), күрдтер — 1907 адам (1,3 %), әзербайжандар — 1852 адам (1,2 %), түріктер — 1810 адам (1,2 %), татарлар — 1751 адам (1,2 %), украиндар — 1668 адам (1,1 %), корейлер — 1261 адам (0,8 %), немістер — 1141 адам (0,8 %).

Әкімшілік бөлінісі Аламүдін ауданы құрамына 17 ауылдық округ пен 51 ауыл кіреді: Ақтөбе ауылдық округі: Қайырма (әкімшілік орталығы), Молдовановка ауылдары Алаарша ауылдық округі: Мраморное (әкімшілік орталығы), Рассвет ауылдары Аламүдін ауылдық округі: Аламүдін (әкімшілік орталығы), Садовое ауылдары Арасан ауылдық округі: Арасан (әкімшілік орталығы), Татыр ауылдары Бәйтік ауылдық округі: Бәйтік (әкімшілік орталығы), Аршалы, Байгелді, Басқарасу, Қасқасу ауылдары Васильевка ауылдық округі: Виноградное (әкімшілік орталығы), Васильевка, Полевое, Привольное ауылдары Гроздь ауылдық округі: Гроздь (әкімшілік орталығы), Атбасы, Бірлік, Вторая Пятилетка, Лесное ауылдары Көкжар ауылдық округі: Көкжар (әкімшілік орталығы) ауылы Қараағаш ауылдық округі: Қараағаш (әкімшілік орталығы), Бектау ауылдары Лебединовка ауылдық округі: Лебединовка (әкімшілік орталығы), Восток, Дачное ауылдары Ленин ауылдық округі: Ленинское (әкімшілік орталығы), Константиновка, Мықан ауылдары Маёвка ауылдық округі: Маёвка (әкімшілік орталығы) ауылы Октябрь ауылдық округі: Октябрьское (әкімшілік орталығы), Лубяное, Чуйское ауылдары Пригородное ауылдық округі: Пригородное (әкімшілік орталығы), Озёрное, Степное, Достық ауылдары Тасмойнақ ауылдық округі: Қойтас (әкімшілік орталығы), Бескүнгей, Горная Маёвка, Қызылбірлік, Подгорное, Прохладное, Тасмойнақ ауылдары Тастөбе ауылдық округі: Тастөбе (әкімшілік орталығы), Заречное, Малиновка, Сүйменқұл Шоқпаров ауылдары Төменгі Алаарша ауылдық округі: Төменгі Алаарша (әкімшілік орталығы) ауылы

Елді мекендер Ірі елді мекендері: Лебединовка, Ленинское, Молдовановка, Байтик Аламудунский район .

Атақты адамдары

Ауданда дүниеге келгендер

Ишембай Әбдірайымов (1914-2001) — ұшқыш, КСРО еңбек сіңірген ұшқышы. Алмазбек Атамбаев (1956 д.к.) — Қырғыз Республикасының Президенті (2011-2017), Премьер-министрі (2010) Иван Александрович Гришин (1918-1960) — Кеңес Одағының Батыры Бәкен Қыдыкеева (1923-1994) — театр актрисасы, КСРО халық әртісі (1970) Сайра Киізбаева (1917-1988) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1958) Дәркүл Күйікова (1919-1997) — театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі (1967) Исмаилбек Таранчиев (1923-1944) — Кеңес Одағының Батыры Сүйменқұл Чокморов (1939-1992) — кино актері, КСРО халық әртісі (1981) Дереккөздер

Санат:Аламүдін ауданы