Маркос Пиньейро Пиззелли (; 3 қазан 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/75441, Пирасикаба, Бразилия) — бразилиялық және армениялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Мансабы Тегі бразилиялық. "Сан-Карлуш" клубында ойнап жүргенде 2006 жылы "Арарат" клубының селекционерлерінің көзіне түседі де, сол жылы-ақ "Арараттың" футболшысы атанады. Көп ұзамай Армения азаматтығын алып, 2008 жылы Армения Ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізеді. 2009 жылы "Арараттан" кеткен соң Пиззелли өте көп клуб ауыстырды. Тек 2014-15 жылдары ғана "Ақтөбеде" екі маусым ойнайды, қалған уақыттарды басқа клубтарда бір маусымнан артық доп теппеген. 2018 жылы "Ақтөбеге" қайта оралып, 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды.
Жетістіктері
Армения кубогы: 2008, 2010 Армения чемпионатының үздік мергені: 2007, 2008, 2010 Армения чемпионы: 2009, 2010 Армения суперкубогы: 2010 Қазақстан суперкубогы: 2014 Қазақстан чемпионатының үздік мергені: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (footballfacts.ru)
Санат:3 қазанда туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Армения футболшылары Санат:Армения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Арарат ФК ойыншылары Санат:Пюник ФК ойыншылары Санат:Кубань ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары