Әулие Георг бұғазы (ағыл. St George's Channel, валл. Sianel San Siôr, ирл. Muir Bhreatan) - Ирландия мен Уэльстің арасындағы бұғаз. Бұғаздың ұзындығы 154 км, ені 75 км, ең терең жері 82 метр. Бұғаз Ирланд теңізін Кельт теңізімен біріктіреді.

Атауы Атауы XIV ғасырдың Әулие Георгтың Англияға бару туралы аңызбен байланысты, сол аңызға сәйкес Әулие Георг осы бұғаз арқылы келген.

Табиғаты Бұғаздың экологиясы өте қолайлы. Таза сулар мен тамақтың молшылығына тартылған, дельфиндер, аса ірі акулалар және теңіз шошқалары сияқты үлкен мұхит тұрғындары көбіне бұғазға жүзіп келеді. Ұзын тұмсықты итбалық, теңіз тасбақалары мен омарлар да бұғазда кездеседі.

Тағы қараңыз Солтүстік бұғазы - Ирланд теңізінің солтүстік шығу жолы.

thumb|left|250px|Бұғаздың картасы

Санат:Атлант мұхиты бұғаздары Санат:Ұлыбритания бұғаздары Санат:Ирландия географиясы Санат:Уэлс географиясы Санат:Англия географиясы Санат:Ирланд теңізі