Құдайберген Біртаев — 1928 жылы Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келген. 17 жасында еңбекке араласқан, ол алғашқыда трактор, кейін автомобиль жүргізуші болып еңбек етеді. 1957 жылдан бастап аға шопан болып еңбек етеді. 1963 жылы Біртаев әр жүз саулықтан 150 қозы алуға қол жеткізеді. 1965 жылы әр жүз саулықтан 158 қозы алып, мемлекетке өткізген қаракөл елтірісінің 85-90 пайызын бірінші сортпен өткізді. 1964 жылы халық шаруашылығы жетістіктерінің Бүкілодақтық көрмесінің қола медаліне ие болды. Осындай еңбектері үшін 1966 жылы ең жоғарғы атақ – Социалистік Еңбек Ері атағының иегері атанды.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
Өмірі 1967 жылы аудан шопандары әр жүз саулықтан 140-176 аралығында төл алып табыс биігінен көрінді. Тәжіребиесімен бөлісуге Моңғолияға да барып қайтты. Құдайберген ата Тыныш апа екеуі 3 ұл, 2 қызды дүниеге әкеліп, тәрбиеледі. Аудан орталығындағы Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған ескерткіш аллеясында Қ. Біртаев мүсіні орнатылып, Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайда Социалистік Еңбек Ері Біртаевтың естелік құжаттары мен экспонаттары сақталған. Өзінің туып өскен Биназар ауылында Құдайберген атына көше беріліп, сол ауылдағы О.Жандосов атындағы орта мектепте жыл сайын тақырыптық кештер мен еске алу спорт жарыстары өтікізіліп тұрады. 1988 жылы көрнекті қой өсіруші автокөлік апатынан қаза тапты.
Еске алу Аудан орталығында Социалистік еңбек ері құрметіне ескерткіш орнатылған. Оған қатысты құжаттар мен жәдігерлер Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейде сақтаулы.
Біртаев өскен Биназар ауылында оның атында көше бар.
Дереккөздер