Бозай – Қараторғай өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 46 км.
Бастауы Арғанаты тауының оңтүстік бөлігіндегі жартасты тау аңғарынан бастау алып, жазықты кесіп өтіп Қараторғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы Өзен бойында қайың, терек, бұта аралас тоғай өскен. Бозайдың кішігірім 8 саласы (Дүйсен, Шилі, Қоғалы, т.б.) бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері