Ақбет футбол клубы — Баянауылдағы әуесқой футбол клубы. 2012 жылы құрылған. Тек бір маусым ғана, 2018 жылы кәсіпқой футбол клубтары қатысатын Қазақстан кубогында бой көрсетті. Қазақстан кубогы 2018
2018 жылы Қазақстан кубогына қатысты. Бірінші кезеңде "Тараз", "Алтай", "Екібастұз" клубтарымен бір топқа түсті де, соңғы орында қалды.
Топтағы ойындардың бәрі де Шымкенттегі БИІК спорт орталығында өткізілді. Баянауылдықтар "Тараздан" 0:1, Алтайдан" 0:4, "Екібастұздан" 1:4 есептерімен ұтылып, бір ұпай да еншілей алмады. "Ақбет" сапынан жалғыз голды Павлодардың "Ертіс" клубының түлегі Александр Балаев соіңы минуттарда ғана енгізді.
Сілтемелер Барлық футболшылары
Санат:Қазақстан футбол клубтары