Коло Хабиб Туре (; 19 наурыз 1981 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3202, Буаке, Кот-д’Ивуар) — ивуарлық футболшы, жартылай қорғаушы. 2015 жылғы Африка чемпионы. Інісі Яя Туре де футболшы.

Мансабы Клубтық АСЕК Мимозас клубының түлегі. 2002 жылы "Арсеналға" ауысып, жеті жыл ойнады. "Арсенал" сапындағы тұңғыш ойынын 2002 жылғы Англия суперкубогында "Ливерпульге" қарсы өткізді. Тұңғыш голын "Стэмфорд Бриджде" "Челсидің" қақпасына соқты. "Арсенал" сапында 2004 жылы Англия чемпионы атанды.

2009 жылы "Манчестер Ситиге" ауысты.

2017 жылы "Селтикте" ойнап жүріп, карьерасын аяқтаған соң бапкерлік қызметтермен айналыса бастады, қазір "Лестер" клубында техикалық көмекші боп қызмет атқарады.

Ұлттық құрама Құрама сапында 2000 жылы тұңғыш рет алаңға шықты, көптеген ірі турнирлерге қатысты. 2010 жылы Ұлттық құраманың капитаны болды.

2015 жылғы Африка Ұлттары кубогында Африка чемпионы атанды.

Жетістіктері

«Мимозас»

Кот-д’Ивуар чемпионы: 2001, 2002

«Арсенал»

Англия чемпионы: 2003/2004 Англия кубогы: 2002, 2003, 2005 Англия суперкубогы: 2002, 2004

«Манчестер Сити»

Англия чемпионы: 2011/2012 Англия кубогы: 2011 Англия суперкубогы: 2012

«Селтик»

Шотландия Лига кубогы: 2016/2017 Шотландия кубогы: 2016/2017 Шотландия чемпионы: 2016/2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кот-д’Ивуар футбол жаттықтырушылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары Санат:АСЕК Мимозас ФК ойыншылары