Нелсон Кабрал Семеду (, Нелсиньо () есімімен де белгілі; 16 қараша 1993 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/231572, Лиссабон, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Вулверхэмптон Уондерерс" клубының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық Карьерасында "Шентренше", "Бенфика", "Фатима", "Барселона" клубтарында ойнады. 2011 жылы "Шентренше" клубындағы тұңғыш ресми кәсіби деңгейдегі ойынын өткізді. 2012 жылы "Бенфика" клубының жастар командасына ауысып, бір жыл ойнады. Бір жылдан соң "Фатима" клубына жалға беріліп, 12 қыркүйек күні бұрынғы клубы "Шентреншеге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

2015 жылы "Бенфикаға" қайта оралды. 16 тамыз күні Португалия жоғары лигасындағы тұсаукесер ойынын өткізді. Чемпиондар Лигасындағы дебютін 15 қыркүйекте "Астана" клубына қарсы өткізді.

2017 жылы "Барселонаға" ауысты. Трансфер құны 30 млн. еуроны құрады. 20 тамызда "Бетиске қарсы ойында Ла Лигадағы тұңғыш ойынын өткізді. 2019 жылы қаңтарда "Жирона" қақпасына клуб сапындағы жалғыз голын соқты.

2020 жлы 23 қыркүйекте "Вулверхэмптонға" ауысты.

Ұлттық құрама 2015 жылы 11 қазанда ЕУРО-2016 іріктеу турниріндегі Сербияға қарсы тұңғыш рет Португалия құрамасы сапында алаңға шықты.

2017 жылы Конфедерациялар кубогына, 2018/19 жылы УЕФА Ұлттар лигасына қатысты.

Жетістіктері Бенфика

Португалия чемпионы (2): 2015/16, 2016/17 Португалия кубогы: 2016/17 Португалия лига кубогы: 2015/16 Португалия суперкубогы: 2016

Барселона

Испания чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Испания кубогы: 2017/18 Испания суперкубогы: 2018

Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017 УЕФА Ұлттар лигасы: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары