Ремо Фройлер (; 15 тамыз 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/148252, Энненда) — швейцариялық футболшы, Швейцария Ұлттық футбол құрамасы мен "Аталанта" клубының жартылай қорғаушысы. УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалисі, 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Мансабы Клубтық "Винтентур" клубы сапында 2009 жылы карьерасын бастады. 2009/10 жылғы маусымда негізгі құрамда алаңға жиі шығуға 17 жасар футболшының мүмкіндігі аз болды. Жыл бойы екі рет қана Швейцария чемпионатында команда намысын қорғады.
2010 жылы жазда "Грассхопперс" клубына ауысты. Бұл жолы да негізгі құрамда сирек ойнады, көбіне фарм клубта доп тепті. Сол себепті 2011 жылы ақпанда туған клубы "Винтентурға" қайта оралды.
2014 жылы швейцариялық тағы бір клуб "Люцернге" ауысты.
2016 жылы "Аталанта" футболшысы атанды.
Ұлттық құрама 2017 жылы 25 наурызда Латвияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеуінде Швейцария Ұлттық футбол құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты (бұған дейін 17, 19 жасқа дейінгі құрамаларда ойнаған-ды).
Дереккөздер
Сілтемелер http://ru.uefa.com/teamsandplayers/players/player=250023097/profile/index.html http://www.worldfootball.net/player_summary/remo-freuler/ http://www.scoresway.com/?sport=soccer&page=person&id=129109 http://www.national-football-teams.com/player/67583.html https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/118011
Санат:Эннендада туғандар Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Винтертур ФК ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:Люцерн ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары