Рафат Али (араб رأفت علي; 20 мамыр 1975 жыл, Амман, Иордания) — иорданиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Иордания Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы
Клубтық Ұзақ жылдар бойы "Әл-Вехдат" клубы сапында доп тепті. Тек 2011 жылы ғана Кувейттің "Әл-Кувейт" клубында азырақ уақыт арендада ойнап, қалған уақыттарда туған клубынан табан аударған жоқ. Жиырма жылдық карьерасында 300-ге жақын ресми ойында клубының намысын қорғады.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1997-2008 жылдар аралығында ойнап, 45 кездесуде 12 гол соқты. Бірнеше рет Араб елдері кубогына қатысты.
Сілтемелер kooora.com
Санат:Иордания футболшылары Санат:Иордания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Әл-Вехдат ФК ойыншылары Санат:Әл-Кувейт ФК ойыншылары