Эдгар Вагрикович Манучарян (; 19 қаңтар 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/29258, Ереван, Армян КСР, КСРО) — армениялық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы "Пюник" клубының түлегі. 2004 жылы 17 жасында-ақ "Пюник" сапында жүріп, Арменияның үздік футболшысы атанып үлгерді және чемпионаттың үздік мергені атанды.
Кейін карьерасын "Аякс" клубымен байланыстырып, 2005 жылы амстердамдық клубқа ауысты. Бірақ оған негізгі құрамнан үнемі орын табылмай, қосалқы құрамда қап кете берді. 2008 жылы жазда клубтың тізгінін Марко ван Бастен ұстаған соң мүлде алаңға шықпады.
2009 жылы"Аякстан" "Харлемге" жалға берілді де, бір маусымнан соң "Аякстан" түпкілікті кетіп, туған клубы "Пюникке" оралды. Одан кейінгі карьерасында клуб ауыстырумен болды: 2019 жылға дейінгі 10 маусым ішінде жеті рет команда ауыстырыпты.
2019 жылы жазда "Алашкерттен" тағы да араға жеті жыл салып "Пюникке" оралды.
Жетістіктері
«Пюник»
Армения чемпионы: 2002, 2003, 2004, 2010 Армения кубогы: 2002, 2004 Армения суперкубогы: 2002, 2004, 2010 Армения чемпионатының үздік мергені: 2004 Армениядағы жыл футболшысы: 2004
«Аякс» (Амстердам)
Нидерланд кубогы: 2005/06, 2006/07
«Орал»
1 лига жеңімпазы: 2012/13 1 лига кубогы: 2012, 2013 Ресейкубогының финалисі: 2016/17
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы (Voetbal International) Legioner.kulichki.com armfootball.tripod.com Профилі
Санат:Армения футболшылары Санат:Армения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пюник ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Харлем ФК ойыншылары Санат:Орал ФК ойыншылары Санат:Алашкерт ФК ойыншылары