Паулу Ренату Ребушу Феррейра (; 18 қаңтар 1979 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/9832, Кашкайш, Португалия) — португалиялық футболшы, қорғаушы.
Карьерасы Кәсіпқой карьерасын 1998 жылы Португалияның екінші дивизионында ойнайтын "Эшторил Праяда" бастады. Кейін екі маусым "Витория Сетубалда" ойнады.
Оның талантын байқаған "Портудың" бапкері Жозе Моуриньо 2002 жылы клубқа шақырды. "Портуда" ойнаған алғашқы маусымды-ақ Португалия чемпионы және УЕФА Кубогының жеңімпазы атанды. Ал 2004 жылы клуб УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып алған соң Жозе Моуриньомен бірге Феррейра, Рикарду Карвалью "Челсиге" ауысты. Феррейраның тренсферлік құны 20 млн еуроны құрады.
"Челсидегі" алғашқы маусымды Феррейра 29 кездесуде алаңға шықты, бірақ жарақатына орай маусымның соңғы кездесулеріне қатыспады. 2005/06 жылғы маусымда керемет ойнаған Феррейра 2006/07 жылғы маусымда аздап баяулады, негізгі құрамға да сирек ілінетін боп қалды.
2007/08 жылдың бірінші жартысында Моуриньо кетіп, Авраам Грант келді. Бұл жолы жа Феррейра Майкл Эссьен мен Жулиану Беллеттидің көлеңкесінде қалып, қосалқы құрамда көбірек отырды.
2012/13 жылғы маусымнан соң футболмен қоштасты.
Ұлттық құрамада Қатысқан турнирлері: Еуропа чемпионаты: 2004, 2008, Әлем чемпионаты: 2006, 2010
Жетістіктері
Командалық «Порту»
Сагриш Лигасының жеңімпазы (2): 2002/03, 2003/04 Португалия кубогы (1): 2003 УЕФА кубогы (1): 2003 Чемпиондар Лигасы (1): 2004 Португалия суперкубогы (2): 2003, 2004
«Челси»
Ангглия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2009/10 Англия кубогы (4): 2007, 2009, 2010, 2012 Лига кубогы (2): 2005, 2007 Чемпиондар Лигасы (1): 2012 Англия кубогы (2): 2005, 2009 Еуропа Лигасы (1): 2013
Португалия
Еуропа чемпионатының финалисі: 2004
Жеке
УЕФА версиясы бойынша жыл командасы: 2003
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Статистикасы
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эшторил-Прая ФК ойыншылары Санат:Витория Сетубал ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары