Тасты – Алакөл көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданының жерімен ағады.
Бастауы Қытай жеріндегі Барлық жотасының солтүстік-батыс беткейінен басталып, Алакөлге көліне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 77 км, су жиналатын алабы 402 км2. Жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Қыркүйек айындағы орташа су ағымы 2,40 м3/с. Сағасынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде Қабанбай елді мекені орналасқан.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мақаншы ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы