Бақанов Ғалитдин (21.1.1958 ж.т., Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақмая а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2002), проф. (2003). ҚазМУ-ды (1980, қазіргі ҚазҰУ) және Новосибирск мемл. ун-тінің аспирантурасын (1985) бітірген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы, аға оқытушы (1980–1982, 1985–1990), Қызылорда өнеркәсіптік өндіріс ин-ты (1990–1993) мен Қызылорда политех. ин-тында (1996–1998) доцент, ал 1998 жылдан Қызылорда мемл. ун-тінде доцент, кафедра меңгерушісі, ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. 2002 ж. «Методы решения конечно-разносных обратных задач теории распространения волн» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. еңбектері матем. физ. теңдеулері үшін қойылған кері есептерді шешудің сандық әдістері мәселесіне арналған. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар