Жекекөл – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы Мирное ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде. Теңіз деңгейінен 269 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 10 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км. Жағалауы жазық, құмдақты келген. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауында қамыс, қоға, тал өседі. Суы тұзды, кермек.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Амангелді ауданы көлдері