Айсары — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Айсары ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Талшық ауылынан оңтүстікке қарай 37 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1929 жылы қаланды. 1961–1997 жылдары Айсары қой кеңшарының орталығы болды. Кеңшар негізінде кооперативтік шаруашылық пен шаруа (фермер) қожалығы ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, аурухана бар, кен орны жұмыс істейді.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 927 адам (487 ер адам және 440 әйел адам) болса, 2009 жылы 331 адамды (170 ер адам және 161 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Ақжар ауданы елді мекендері