Төрехан Қарлыханов (22 қаңтар 1950 жыл, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қазақстанның 20 жылдығы атындағы ауыл ‒ 24 тамыз 2015 жыл, Қызылорда қаласы) ‒ техника ғылымдарының докторы (1993), профессор (1995), Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының академигі (1995). Экология проблемалары жөніндегі тәуелсіз халықаралық сарапшылар құрамының мүшесі.Сыр елі. Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 379-380-бб.

Өмірбаяны 1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (қазіргі М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) бітірген. 1971–1991 жылдары — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Гидравлика» кафедрасында оқытушы, доцент.https://old.syrboyi.kz/tagilim/33679-alym-ibraty.html 1991–1993 жылдары — Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында кафедра меңгерушісі. 1993–1996 жылдары — Қызылорда политехникалық институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1996–2000 жылдары — Қызылорда мемлекеттік университетінің деканы. 2000–2009 жылдары — Арал өңірі агроэкология ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2009–2011 жылдары — Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Ақпараттық-сараптама орталығының директоры. 2011–2012 жылдары — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми орталығының директоры. 2012–2015 жылдары — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры.

Ғылыми қызметі Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты: экология, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы проблемалары. 100-ден астам ғылыми мақала мен 4 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан экологтары