Ян Коллер (; 30 наурыз 1973 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/1824.html, Сметанова Лгота, Южночеш өлкесі, Чехословакия) — чехиялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы Чехия Ұлттық футбол құрамасы тарихындағы үздік мерген (55 гол соққан). 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысқан. 2004 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі. Баспен де, аяғымен де қатты соққы жасай алатын қабілетімен ерекшеленген шабуылшы.

Ян Коллердің тегі неміс ұлтынан.

2002/03 жылғы маусымда өзін қақпашы ретінде де сынап көрген. Ол кезде Коллер "Боруссияда" ойнайтын. "Бавария" - "Боруссия" матчының екінші таймында қақпашы Йенс Леманн алаңнан қуылды да, клубтың ойыншы ауыстыру лимиті түегсілген соң, амалсыз қақпаға Коллер тұрды. Матч біткенше гол жібермей, қызық болғанда, "турдың үздік қақпашысы" деген номинацияны ұтып алды.

2013 жылы Чехия жағажай футбол құрамасы сапында бір кездесу өткізді.

Жетістіктері

Командалық

«Спарта»

Чехия чемпионы: 1994/95 Чехия кубогы: 1995/96

«Андерлехт»

Бельгия чемпионы: 1999/00, 2000/01 Бельгия суперкубогы: 2000 Бельгия лига кубогы: 2000

«Боруссия» Дортмунд

Германия чемпионы: 2001/02 УЕФА кубогы: 2001/02

Жеке

Бельгия чемпионатының үздік мергені 1998/99 Чехияның жыл футболшысы: 1999 Бельгия "алтын добы" 2000 Чехия құрамасы тарихындағы үздік мерген — 55 гол

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы Профилі

Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехия футболшылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары Санат:Локерен ФК ойыншылары Санат:Андерлехт ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Крылья Советов Самара ФК ойыншылары Санат:Кан ФК ойыншылары