Брюно Беллон (; 14 наурыз 1962 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/18078.html, Тулон, Франция) — француз футболшысы, шабуылшы. 1984 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы Карьерасының басым бөлігін "Монакода" өткізді. Жеті маусым ойнап, бірнеше жүлдені қанжығаға бөктерді де, 1987 жылы "Канға" ауысты. Бір маусымнан соң "Монпельеге" ауысты да, 1989 жылы "Канға" қайта оралды.
1990 жылы ауыр жарақат алды да, 30-ға жетпей карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама сапында 1981 жылы тұңғыш рет алаңға шықты.
1984 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, 4 кездесуде алаңға шықты. Финалда Испания қақпасына екі доптың бірін соғып, Еуропа чемпионы атанды.
1986 жылғы әлем біріншілігінде 4 кездесуде алаңға шықты.
1988 жылы 5 ақпанда Мароккоға қарсы жолдастық кездесуде соңғы рет құрама жейдесін киді.
Жетістіктері
Еуропа чемпионы (1): 1984 Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1): 1986 Франция кубогы (1): 1981/1982 Франция кубогы (1): 1984/1985 Франция суперкубогы (1): 1985
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Кан ФК ойыншылары Санат:Монпелье ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары