Оңтүстік Америка — батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім Жерінің аумағы (аралдарынын қоспай есептегенде) 17 840 000 км². Халқы 385 742 554 адам (2009). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.

Тарихы

Құрлықтың тарихын шамамен үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – автохтондық өркениеттердің (инктер және т.б.) қалыптасу, өркендеу және құлдырау кезеңі. Екіншісі – еуропалық жаулап алу (Конкиста) және отаршылдық дәуірі 1500-1800 жж. континенттің көп бөлігі Еуропаның екі еліне (Испания мен Португалия) тәуелді болды. Салыстырмалы түрде қысқа уақытқа қарамастан, дәл осы кезеңде қазіргі Латын Америкасы мемлекеттерінің көпшілігінің тілдері мен мәдениеттері, экономикалары, сондай-ақ мемлекеттілігінің бастаулары қалыптасты. Гвиана жағалауындағы елдердің тарихын бөлек қарастырған жөн. Гайана, Суринам және аз дәрежеде Француз Гвианасы континенттегі көптеген испан және португал тілінде сөйлейтін елдерден айтарлықтай ерекшеленеді.

Классикалыққа дейінгі кезең Адамдардың Оңтүстік Американың аумақтарын қоныстандыруының екі нұсқасы бар. Біріншісіне сәйкес, елді мекен Азиядан, қазіргі Ресей аумағынан, Беринг бұғазы мен Солтүстік Америка арқылы келген, дегенмен бар археологиялық олжалар бұл теорияға сәйкес келе бермейді, осыған байланысты оның ықтималдығы туралы теория алға тартылды. «Сібірге дейінгі» Оңтүстік Американың жергілікті тұрғындарының болуы.

Адамзаттың Оңтүстік Америкадағы алғашқы ауылшаруашылық тәжірибесі біздің дәуірімізге дейінгі 6500 жылы, Амазонкада банан, картоп және ащы қызыл бұрыш өсіре бастаған кезде басталады.

Оңтүстік Американың ашылуы Үндістанға теңіз жолын ашу мақсатында Христофор Колумб 1492 жылы Атлант мұхитынан өтіп, Үлкен Антиль аралдарын ашты. Бірінші экспедиция екінші, содан кейін үшінші экспедициямен жалғасты. Ол өзінің үшінші экспедициясының бағытын өзіне бұрыннан белгілі жерлердің оңтүстігіне қарай орналастырып, арал мен белгісіз жағалау арасындағы кемені басқарып, Тринидад аралын ашты. Испандықтар оның бойындағы судың тұщы дерлік екеніне таң қалды. Адмирал өзінің күнделігінде: «...мұндай қуатты өзен тек материкте ғана болуы мүмкін еді, ал оңтүстікте әлі де материк бар» деп жазды.

XV-XVI испан экспедициялары Колумбтан кейін көптеген испан экспедициялары жаңа жерлер мен жаңа байлықтарды - алтын мен зергерлік бұйымдарды іздеу үшін Оңтүстік Америкаға аттанды.

Франсиско Ореллана экспедициясы 1541 жылдың желтоқсан айының соңында Бригантин мен төрт каноэден тұратын Франсиско Ореллана флотилиясы Напо өзенінің бойымен мұхитқа түсе бастады. Бір айдан астам жүзуден кейін олар «теңіздей кең» өзенге, яғни Амазонкаға келді. Шығысқа бара жатқан жолда испандықтар үнді ауылдарын кездестірді, көптеген ағындарды көрді. Суы «сия сияқты қара» болатын орасан зор сол өзенді олар Рио-Негро - «қара өзен» деп атады. Тек 1542 жылдың тамызында олар өзеннің сағасына жетті.

Жер бедері thumb| alt=A.| Оңтүстік Американың картасы.Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.

Геологиясы thumb| alt=A.| Оңтүстік Америка рельефі.Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында. Олардың арасында қат-қабаттық интрузия мен жанартаулық әрекеттер әсерінен қалыптасқан конгломераттар (Рорайма формациясы) кездеседі. Әсіресе Бразилия қатпарлығы ежелгі құрылымдарға көптеген өзгерістер жасап, қазіргі жер бедерінде Орталық және Шығыс Бразилия қалқандарындағы орталық массивтер мен тұқылды таулы үстірттер жүйелерін қалыптастырды. Олар бір-бірінен тектоникалық Парнойбо, Сан-Франсиску және Парана ойыстары арқылы бөлініп жатыр. Гвиана мен Бразилия таулы үстіртіне сәйкес келетін, тұтастай көтерілген аймақ аралығында өте үлкен алқапты алып жатқан Амазона, Ориноко, Ла-Плата ойпатты жазықтары қалыптасты. Жер бедері біртегіс, көбінесе батпақты, континенттік шөгінділермен жабылған қат-қабатты аккумулятті ойпаттар түрінде болып келеді. Юра-бор дәуірлеріндегі Оңтүстік Атлант мұхиты табанындағы тектоникалық қозғалыстар әсерінен Парана ойысында терең жазықтар пайда болды. Батыстағы Анд жүйесінің қалыптасуы герцин қатпарлығынан басталады, бірақ негізгі тау жасалу Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеудегі кейінгі альпілік қатпарланумен байланысты әлі де жалғасуда. Жанартаулардың атқылауы өте күшті болған Орталық Анд таулы қыратында терең тектоникалық жарықтар (грабендер) мен әрекетті жанартаулар жүйесі қалыптасты. Тау жүйесінің биіктеуі және Антарктида құрлығымен жақын жатуына байланысты плейстоцендік мұз басу жүрді. Патагония Андысының тау басы түгелдей мұздықтармен жабылған. Соның әсерінен Патагония Андысының батыс жағалауында мұздық жер бедері пішіндері мен жағалаудың фьордты және шхерлі типтері кездеседі.

Пайдалы қазбалары Оңтүстік Америка қойнауы кен байлықтарына, әсіресе мыс, темір, марганец, молибден, қалайы, полиметалл мен сирек кездесетін метал кендеріне өте бай. Темір кенін өндіруден Бразилия дүние жүзінде 2-орынды, Чили мыс кенін өндіруден дүние жүзінде 1-орынды иеленеді. Перу, Чили, Боливия жерінде, Бразилияда алтын мен алмастың ірі кен орындары кездеседі. Боливияда солтүстіктен оңтүстікке қарай 940 км-ге созылып жатқан қалайы белдеуі орналасқан. Теңіздің жағалық жазықтары мен синеклизаларында мұнай мен газдың мол қоры кездеседі. Маракайбо, Ориноко, Магдалена, Гуаякиль ойыстарында мұнайдың, Амазона ойпаты мен Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары бар. Колумбия Кордильерасындағы замартастың, Чилидің солтүстігіндегі алтынның және селитраның мол қоры дүниежүзілік маңызға ие.

Климаты Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.

Ішкі сулары thumb| alt=A.| Игуасу сарқырамасы. thumb| alt=A.| Копакобана жағажайы. thumb| alt=A.Оңтүстік Америка-көптеген өзендермен су жолдарының отаны, Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 20-бетөйткені Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. "Амазон өзенінің тармақтары" деген жалпы атауымен белгілі бұл су көздеріне Аргентине өзендері,Боливия өзендері,Бразилия өзендері,Чили өзендері,Колумбия өзендері,Эквадор өзендері,Флокленд аралдары өзендері,Француз Гвинеясы өзендері,Гайана өзендері,Парагвай өзендері,Перу өзендері,Суринам өзендері,Уругвай өзендері және Венесуэлла өзендері жатады. Төрт маңызды суландыру жүйесі-Амазон,Рио де ла Плата( Парагвай,Парана және Уругвай өзендері),Ориноко және Сан-Франциско құрлықтың төрттен үш бөлігін алып жатыр. Оңтүстік Америкадағы Амазон өзені-(Рио Амозонас) әлемдегі ең ұзын екі өзеннің бірі.Екіншісі -Африкадағы Ніл өзені.Амазон өзенінің су қоры деңгейі Миссисипи, Ніл және Янцзы өзендерінің су қорын қосқаннан да асып түседі.Амазон суымен суландырылатын жер аумағы да басқа өзен жүйелерімен суландырылатын аймақтардан әлде қайда үлкен. Рио де да плата-негізінде өзен емес,Парана мен Уругвай өзендерінің қосылған жерінде пайда болған саға. Балаларға арналған танымдық энциклопедия. Географиялық аймақтар, 20-бет О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

Топырағы мен өсімдігі