thumb|right|220px|Исмаил паша - алғашқы хедив Хедив ( [hıdiv]) - Мысырдың Османлы империясына тәуелділігі кезеңінде (1867—1914) болған Мысыр вице-сұлтан лауазымы. Бұл лауазымға Исмаил, Тауфик және Аббас II ие болған.
Этимология Бұл термин еуропалық тілдерге османлы түрік тілінен ( hıdiv) француз тілі () арқылы келді, ол өз кезегінде оны парсы тілінен (парс. خدیو xadêv), ал ол бактриялық тілден (бактр. χοαδηο билеуші) алды.
Тарихы Түрік сұлтаны Әбділғазиз мысырлық паша Исмаилге хедив атағын берді, бұл оны Османлы империясының басқа билеушілерінен жоғары қойды. 1914 жылы Мысырға ағылшын протектораты жарияланғаннан кейін Мысыр билеушілері сұлтан атағын қабылдады.
Хедивтер Исмаил паша (1867—1879) Тауфиқ паша (1879—1892) Аббас II Хилми (1892—1914)
Тағы қараңыз Мысыр хедиваты Перғауын
Санат:Мысыр тарихы Санат:Мысыр мен Судан хедивтері Санат:Мұхаммед Әли әулеті Санат:Түрік лауазымдары