«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалы — 1968 жылы Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш-мемориал салтанатты түрде ашылды. Оны жергілікті мүсіншілер Леонид Прокопьевич пен Муза Александровна Белоусовтар сомдады. Сол күні Мәңгілік алау жағылды.
Сипаттамасы «Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандар» мемориалы — төмен түсірілген оң қолында автомат, сол қолындағы лавр бұтағын жоғары көтерген жауынгердің асқақ бейнесін көрсетеді. Лавр жеңіс пен татулықтың, демек, соғыстың аяқталғанының нышаны. Мүсіннің жалпы биіктігі – 7 м. 40 см. Мүсін жоғары сапалы цементтен, мәрмәр үгіндісі, дюралюминийден жасалып, гранит тақталармен қапталған үш сатылы тұғырға орнатылған.
Жауынгер мүсінінің артқы жағында соғыста қаза тапқан қостанайлық жауынгерлердің аты-жөні жазылған мәрмәр тақталар орнатылған мемориалды қабырға (ұзыңдығы – 18 м, ені – 5 м) орналасқан.
Жеңімпаз жауынгер мүсінінің алдында мәңгілік алау орналасқан. Тұғырбет тікбұрышты, екі сатылы, тас төселген.
Дереккөздер
Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Ескерткіштер