thumb|right|200px|Кавасаки симтомы бар Бүлдірген тіл және ашық қызыл түсті, вертикал жарылған, қан аққан, ісінген ерін. Кавасаки ауруы (, кейде Шырышты лимфа түйіні синдромы, () — себебі толық анықталмаған сирек кездесетін синдром болып, негізінен 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі, әрі қызуды тудырады. Ол бүкіл денедегі қан тамырлары қабынатын васкулиттердің бір түрі. Әдетте қызба бес күндей жалғасады, оған әдеттегі дәрі-дәрмектер әсер етпейді. Мұнан басқа жалпылық симтомдары: мойынның үлкен лимфа түйіндері, жыныс мүшесі маңындағы бөртпелер, сондай-ақ көзі, еріні, алақаны, табанының қызарып кетуі секілділер. Кавасаки ауруы басталғаннан кейінгі үш апта ішінде қолдары мен аяқтарының терісі түсе бастап, сосын қайта қалпына келе бастауы мүмкін. Кейбір балалардың жүректерінде коронарлық артериялық аневризмалар пайда болады.

Нақты себебі белгісіз болғанымен, Каваски ауруын генетикалық тума бейімі (genetically predisposed) бар балалардағы иммундық жүйенің инфекцияға шектен тыс реакциясынан пайда болған деп болжанады. Ол жұқпалы емес, адамдардан жұғып таралмайды. Диагнозы әдетте адам денесіндегі белгілері мен симтомдарына негізделеді. Бұдан басқа жүректің ультрадыбысы (ultrasound) және қан анализі секілділер де диагнозды растауы мүмкін. Диагностиктер ұқсас белгісі бар басқа жағдайларды, мысалы Қызамық пен жасөспірімдік ревматоидты артриттерді де толық ескеруге тиіс. COVID-19-бен уақытша байланысты деп есептелген Кавасаки-тәрізді ауру кезекте зерттелу үстінде.

Негізінен Кавасаки ауруының алғашқы емдеуі жоғары дозадағы аспирин мен иммуноглобулиннен тұрады. Әдетте, емдеу кезінде қызба 24 сағат ішінде жойылады және толық қалпына келеді. Егер коронарлық артерияға қатысты болса, онда емдеуді жалғастыру немесе хирургия қажет болуы мүмкін. Егер емдеу болмаса, онда коронарлық артериялық аневризмалар пайда болуы шамамен 25%-ға жетеді, шамамен 1% қайтыс болады. Ал, емдеу арқылы өлім қаупі 0,17% дейін төмендетіледі. Кавасаки ауруынан кейін коронарлық артериялық аневризмасы бар адамдарға мамандандырылған медициналық топтар өмір бойы кардиологиялық бақылау жасауға тиіс.

Кавасаки ауруы сирек кездеседі. Бұл Жапонияны айтпағанда, әлемде бес жасқа дейінгілердің 100 000 адамының 8-ден 67-ге дейінгі сандағы адамда болды, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 100 000 адамға 124-ті құрайды. Каваски ауруы қыз балаларға қарағанда ұл балаларда жиі кездеседі.

Кавасаки ауруын 1967 жылы Токиода жапон балалар дәрігері Томисаку Кавасаки алғаш сипаттаған болатын. Бұл ауру соның есімімен аталды.

Белгілері және симтомдары thumb|right|250px|Кавасаки ауруының белгілері Кавасаки ауруы көбінесе жоғары әрі тұрақты қызудан басталады, оған парацетамол (ацетаминофен) немесе Ибуфен дегендер онша әсер етпейді. Бұл Кавасаки ауруының ең көрнекті симптомы және аурудың өткір кезеңінде екенінің айғағы; қызу әдетте жоғары (39–40 ° C жоғары) әрі толқымалы күйде жалғасып, жағдайға аса сезімтал болады.Cassidy JT, Petty RE. Vasculitis. In: Cassidy JT, Petty RE, eds. Textbook of pediatric rheumatology. 3rd ed. Philadelphia, W.B: Saunders Company; 1995. pp. 365–422 Таяуда типсіз (atypical) немесе толық Кавасаки ауруы емес пациенттер де кездесті; бірақ ол толық 100% жағдай емес.

Бірінші күнгі қызба аурудың бірінші күні делінеді, оның жалғасуы әдетте бір-екі апта болады; ал емдеу болмаған жағдайда, ол үш-төрт аптаға созылуы мүмкін. Қызбаның ұзақ уақытқа созылуы жүрек соғу жиілігінің жоғарлауына байланысты болады. Ол қызу қайтаратын антипиретик дәрілерге ішінара жауап береді, бірақ антибиотиктерді енгізгенге бола тоқтай қалмайды. Алайда, тиісті терапия басталған соң – күретамырдан салатын иммуноглобулин мен аспирин – екі күннен кейін қызуы қайтады.

Қызбадан қалса, ең көп кездесетін симптом - қостараптық (Bilateral) конъюнктивті қабыну есептеледі. Ол әдетте іріңдемейтін және ауырмайтын қарашық Конъюнктивитін қамтиды. Конъюнктивит әдетте қызба басталған соң көп ұзамай аурудың өткір кезеңіне өткенде пайда болады. Алғашқы қанталау (Uveitis) қысық-лампалық тексеру (slit-lamp examination) барысында байқалуы мүмкін. Сосын, көз қанталауы (Iritis) пайда болуы мүмкін. Кератикалық тұнба (Keratic precipitate) - бұл көздегі тағы бір құбылыс (өте кішкентай болғандықтан жай көзге көрінбейді, тек қысық-лампа арқылы анықталады, ).

Кавасаки ауруы ауыздағы белгілерден де байқалады, олардың ең типтік түрлері "Тілдің қызаруы", "вертикал тілініп ісіген ерін" және "қанау" есептеледі. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың (oropharynx) шырышты қабаты ашық қызыл түске өзгеруі мүмкін, ал тіл типтік түрде "Бүлдірген тілге" айналуы мүмкін: қатты қызару, дәмсезу бүртіктерінің (gustative papillae) дүрдиюі. Ауыздағы бұл симтомдар фибриноидты некрозы бар некроз микроаваскулитінен туындайды.

Дереккөздер

Санат:Балалар аурулары Санат:Аурулар Санат:Ауру белгілері