Гутилер патшалығы (кейде Кути, немесе Кутилер, (Шумер: 𒄖𒋾𒌝𒆠, гу-ти-умки) — б.з.д. 2199–2119 ж.ж., немесе б.з.д. 2135—2055 ж.ж. Аккад империясының орнын басып, Месопотамияда билікке келген әулет. Олар шамамен бір ғасыр бойы билік еткенімен, кейбір Шумер патшалары тізімінде қысқа уақыт етіп көрсетіледі. Гутилер әулеті билігінің аяқтауы Ұр-Наммумен байланысты, ол Месопотамияны бірлікке келтіріп, б.з.д. 2112 ж. (бәлкім б.з.д. 2055 ж.) Ұрдың үшінші патшалығын құрады.
Гутилердің (Гути халқы) арғы тамыры белгісіз, олар Гутиум (Gutium) тумалары болып, шамамен Загрос (Zagros) тауының орталық өңірінде жасаған.
Дереккөздер
Санат:Ежелгі Қосөзен мемлекеттері