Луна-6 — Ай бетіне жұмсақ қонуға және оның бедерін зерттеуге арналған ғарыш аппараты.

1965 жылдың 8 маусымында Луна-6 Байқоңырдан сәтті ұшырылды. Бірақ ол траекториядан ауытқып, 11 маусым күні Айдан 160 мың шақырым қашықтықта өтті. Гелиоцентрлік орбитаға ауысып, Күннің серігіне айналды.

Соңғы байланыс маусымның 18-нде, аппарат Жерден 600 мың шақырым қашықтықта болғанда, орын алды. Луна-6 ғарыштағы радиацияның мөлшері туралы мәлімет жіберген еді.

Сілтемелер Luna 6 НАСА сайтында

Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы