«Ботошани» () — Румынияның Боташани қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын Муниципальды стадионда өткізеді.

Тарихы 2001 жылы құрылып, С дивизионында ойнай бастады. 2003 жылғы маусым қорытындысында лига жеңімпазы атанып, В дивизионына көтерілді. 2013/14 жылғы маусымда тұңғыш рет Жоғары лигаға жолдама алды.

2014/15 жылғы маусымда жоғары лигада 8-орын алды да, Еурокубоктерге жолдама алған клубтар лицензия ала алмады да, орнына "Боташани" қатысты. УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның "Спартак Цхинвали" клубын қапы қалдырды. Бірақ келесі кезеңде "Легиядан" ұтылып қалды.

Жетістіктері

Ішкі біріншіліктерде ІІ Лига

Жеңімпаз (1): 2012/13

ІІІ Лига

Жеңімпаз (1): 2003/04

Сілтемелер Ресми сайт Санат:Румыния футбол клубтары