«АЕК» () — Кипрдің Ларнака қаласындағы футбол клубы, 1994 жылы «ЭПА» және «Пезопорикос» клубтарының бірігуінен құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "АЕК Арена" стадионында өткізеді. Қазіргі таңда Кипр жоғары лигасында (А дивизионы) өнер көрсетеді.
2011/12 жылғы маусымда "Млада Болеслав", "Русенборг" секілді клубтарды қапы қалдырып, тұңғыш рет УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Алты кездесуде бес ұпай жинап, соңғы орында қалды.
Жетістіктері
Ұлттық
А дивизоны Вице-чемпион (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2018/19
Кубок Жеңімпаз (2): 2003/04, 2017/18 Финалист (2): 1995/96, 2005/06
Суперкубок Финалист (2): 1996, 2004
Клуб жаттықтырушылары Андреас Мускалис (1994) Ставро Пападопулос (1994) Петрос Равусис (1998 – 1999) Радмило Иванчевич (2001 – 2002) Душан Митосевич Михалис Хаджипирис (2002 – 2003) Никос Андронику (2003) Андреас Мускалис (2003 – 2004) Неофитос Ларку (2004) Николай Костов (2004 – 2005) Мариос Константину (2005 – 2007) Нир Клингер (2007 – 2008) Макис Кацавакис (2008 – 2008) Луис Стефани (2008) Кристос Кассианос (2009) Саввас Константину (2009 – 2009) Андреас Михаелидес (2009 – 2010) Тон Каанен (2010 – 2011) Леон Флемингс (2011 – 2012) Ран Бен Шимон (2012 – 2013) Димитриос Элефтеропулос (2013 – 2014) Флорос Николау (2014) Томас Кристиансен (2014 – 2016) Иманоль Идьякес (2016 маусым — 2018 мамыр) Андони Ираола (май 2018 — қазіргі уақытта)
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт
Санат:Кипр футбол клубтары