Бет көктамыры (, немесе Алдыңғы бет көктамыры, ) — адам бетіндегі салыстырмалы түрде үлкен көктамыр. Ол мұрын астының бүйірінен басталады, әрі мүйісті көктамырдың (angular vein) тіке жалғасы болып, сонда ол шағын мұрындық тармақты қабылдайды. Ол бет күретамырының артында орналасқан және бұраңы аз желіде жалғасады. Ол беттің жалпы көктамырын қалыптастыру үшін төменжақартқы көктамырдың алдыңғы тармағына қосылудан бұрын, немесе мойынның ішкі көктамырына құюдан бұрын ол сыртқы таңдай көктамырынан ( palatine vein) қан қыбылдайды.

Көп кездесетін қате тұжырымдама бойынша, бет көктамырында қақпақшалар (клапандар) жоқ, бірақ соңғы зерттеулер бұған қайшы келді.

Бет көктамырының жақтаулары беткі көктамырлардікіндей (Superficial vein) жұмсақ емес.

Жолы Басталғаннан бастап ол көлбеу төмен және артқа қарай өтіп, үстінгі ерінді көтеру бұлшықетіндегі ірі бетсүйек бұлшықетінің және бетсүйек басының (zygomatic head) астымен жүріп, сосын шайнау бұлшықетінің бетімен құлдап, астыңғы жақсүйектен өтіп, артқа қиғаш бұрылып, платизма бұлшықеті мен мойын шандырының астымен, және жақасты сілекей безінің, қосқарыншалы бұлшықетінің, бізтіласты бұлшықетінің бетінен өтеді.

Клиникалық маңызы Бет көктамырының тромбофлебиті, (бет көктамыры қабынуы және қайталама түйнек (clot) пайда болуы) түйнек қабынуы үңгірлік синусқа жұғып, үңгірлік синус тромбофлебитін туғызады. Инфекция бет көктамырынан дуралды Веналық синусқа енуі мүмкін. Инфекция сондай-ақ бет тілінуінен де, немесе бет көктамыры өтетін өңірдегі безеулерден де пайда болуы мүмкін.

Қосымша суреттер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Норман анатомиясының 4 дәрісі Wesley Norman (Georgetown University) parotid2.jpg Figure 47-5

Санат:Бас пен мойындағы көктамырлар Санат:Бет