Евгений Владимирович Яблонский (белор. Яўген Уладзіміравіч Яблонскi; 10 мамыр 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/293771, Червень, Минск облысы) — беларусь футболшысы, Беларусь Ұлттық футбол құрамасы мен Астерас клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы БАТЭ клубының түлегі. Клубтағы тұңғыш ресми ойынын 2014 жылы 29 шілдеде "Белшинаға" қарсы өткізді. Ойынның 12-минутында Александр Володькаға нәтижелі пас шығардыhttp://www.fcbate.by/ru/season/calendar/id32012610. Сол жылы 30 қыркүйекте "Атлетик Бильбаоға" қарсы УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізді.

2019 жылы 6 қыркүекте ЕУРО-2020 іріктеуінде Эстонияға қарсы ойында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.

Жетістіктері

БАТЭ

Беларусь чемпионы (5): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 Беларусь кубогы: 2015 Беларусь суперкубогы (3): 2015, 2016, 2017

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Беларусь футболшылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:БАТЭ ФК ойыншылары Санат:Арис Лимасол ФК ойыншылары