Джон Майкл Нчеквубе Обинна (; 22 сәуір 1987 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/30739, Джос, Нигерия), Микел Джон Оби, Джон Оби Микел немесе Джон Микел Оби ретінде танымал — нигериялық футболшы, Нигерия Ұлттық футбол құрамасы мен "Сток Сити" клубының жартылай қорғаушысы.
Мансабы Клубтық ФА Пепси, "Плато Юнайтед" клубтарының түлегі. 2004 жылы Кейптаунның "Аякс" клубына ауысып, бір жыл ойнады. Кәсіпқой карьерасын 2005 жылы Норвегияның "Люн" клубында бастады.
2006 жылы Англиялық "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" нигериялық жас талантты өз клубтарында көргесі келіп, жарыса келіссөздер жүргізді. Бұл бәсекеде "Челси" жеңіп шығып, Микелді өз құрамына қосты.
2006 жылы 12 қыркүйекте тұңғыш рет "Челси" сапында алаңға шығып, УЕФА Чемпиондар лигасында "Левскиге" қарсы ойнады.
2017 жылы Қытайдың "Тянзың Тэда" клубына ауысты.
Құрамада 2005 жылы 17 тамызда Либерияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Нигерия құрамасы сапында алаңға шықты. 2006 жылғы Африка Ұлттары кубогына барды, екінші турда Зимбабвеге қарсы ойында екінші таймда алаңға шықты.
Кейін 2008, 2010, 2013, 2019 жылдары да осы турнирге қатысты. Сондай-ақ 2013 жылы Конфедерациялар кубогында, 2014 жылғы әлем чемпионатында да өнер көрсетті.
2010 жылғы әлем чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады.
Жетістіктері
Командалық «Челси»
Англия чемпионы (2): 2009/10, 2014/15 Англия кубогы (4): 2007, 2009, 2010, 2012 Лига кубогы (2): 2007, 2015 Чемпиондар лигасы: 2012 Еуропа лигасы: 2013 Англия суперкубогы: 2009
Нигерия
Африка Ұлттары кубогы: 2013
Жеке
Африкадағы футбол таланты: 2005 «Челсидің» үздік жас ойыншысы (2): 2007, 2008 Нигериядағы жыл спортшысы: 2013
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Нигерия футболшылары Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Тянзың Тэда ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Мидлсбро ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері