Элвир Рахимич (; 4 сәуір 1976, Живиницеhttp://www.national-football-teams.com/player/22665/Elvir_Rahimic.html, Босния және Герцеговина, Югославия) — босниялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы Ресей чемпионатында 250-ден аса матч өткізген тұңғыш легионер.

Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы сапында 40 кездесуде алаңға шықты.

2001 жылы ЦСКА-ға ауысып, 13 жыл бойы осы клубта ойнады. Бес рет Ресей чемпионы, 2005 жылы УЕФА кубогы иегері атанды.

2013/14 жылғы маусымда ойыншы-бапкер ретінде ойнады. Көп ұзамай карьерасын аяқтады да, ЦСКА-ның бапкерлер штабына қабылданды.

2018 жылдан бері Босния және Герцеговина құрамасының бапкер көмекшісі қызметін атқарады.

Жетістіктері

Ресей чемпионы (5): 2003, 2005, 2006, 2012/2013, 2013/2014 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (4): 2002, 2004, 2008, 2010. Ресей чемпионатының қола жүлдегері (2): 2007, 2011/2012. Ресей кубогы (7): 2001/2002, 2004/2005, 2005/2006, 2007/2008, 2008/2009, 2010/2011, 2012/2013 (рекорд). Ресей суперкубогы (5): 2004, 2006, 2007, 2009, 2013 УЕФА кубогы: 2004/2005.

Дереккөздер

Сілтемелер

Статистикасы Санат:Босния және Герцеговина футболшылары Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Босния және Герцеговина футбол жаттықтырушылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Анжи ФК ойыншылары Санат:Босна ФК ойыншылары