Ежи Хенрик Дудек (, 23 наурыз 1973 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3209, Рыбник) — польшалық футболшы, қақпашы. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Карьерасы Карьерасының жарқыраған жылдары "Ливерпульде" өтті. 2001 жылы жазда "Фейеноордтан" "Ливерпульге" ауысты. Трансфер құны 5 млн еуроны құрадыhttp://www.sports.ru/football/129524260.html.

2005 жылғы Чемпиондар лигасының финалында "Миланмен" ойында Дудек керемет ерлік жасады: матч барысында Шевченконың екі метрден екі қайтара тепкен добын адам сенбес реакциямен қақпаға дарытпады, матчтан кейінгі пенальтилер сериясында екі соққыға тосқауыл болды.

Сол жылы жазда "Ливерпульге" Пепе Рейна келді де, Дудек ақырындап негізгі құрамнан шеттей берді. Ақыры 2007 жылы жазда клубтан кетті. Бірнеше клубтан ұсыныс түскенімен, "Реал Мадридті" таңдады, ол жақта Икер Касильястан негізгі құрам босамады. "Реалда" өткізген төрт жылда екі рет қана Испания чемпионатында алаңға шықты.

Карьеасындағы соңғы ойынын 2011 жылы 21 мамырда "Алмерияға" қарсы өткізді. Бастапқы құрамда алаңға шыққан оны футболшылар дәлізбен шығарып салды, көрермендер тік тұрып қол соқты. "Бүгінгі күн тамаша өтті. Мен Моуриньодан матчтың соңғы минуттарында мені алмастыруын өтініп ем, қарсы болмады. Көрермендерден мұндай жылы ықыласты мүлде күтпеп ем" деді Дудекhttp://www.championat.com/football/news-818246-dudek-u-menja-prosto-net-slov.html.

Жетістіктері

Нидерланд кубогы: 1998/99 Нидерланд суперкубогы: 1999 Польшадағы жыл футболшысы: 2000 Лига кубогы: 2002/03 УЕФА чемпиондар лигасы: 2004/05 Англия кубогы: 2005/06 Испания чемпионы: 2007/08 Испания кубогы: 2010/11

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі мен статистикасы Санат:Польша футболшылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары