Филипп Сильвен Сендерос (; 14 ақпан 1985 жыл, Женева) — швейцариялық футболшы, қорғаушы. Швейцария Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.
Карьерасы
Клубтық "Серветт" клубының түлегі. 2003 жылдың басында "Арсеналмен" келісім шарт жасасты. 2005/06 жылғы маусымда клубтағы алғашқы голдарын соқты. 2008 жылы жазда "Миланға" жалға берілді. Ол жақта жарақатының кесірінен көп ойнай алмады.
2009 жылы жазда "Арсеналға" оралғанымен, екі матч өткізді де, қысқы үзілісте "Эвертонға" жалға кетті.
2010 жылы маусым айында "Фулхэмге" түпкілікті ауысты. 2014 жылдың басында "Валенсияның", 2014 жылы жазда "Астон Вилла" футболшысы атанды.
Ұлттық құрама 2005 жылы наурызда Францияға қарсы ойында ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2006, 2010 жылдары әлем чемпионатына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Англия кубогы 2005 Англия суперкубогының финалисі: 2005 Чемпиондар лигасының финалисі: 2006 Амстердам турнирінің жеңімпазы: 2005, 2007 Англия лига кубогының финалисі: 2007
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Серветт ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Хьюстон Динамо ФК ойыншылары