Марсело Антонио Троббиани (; 17 ақпан 1955 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/116746, Касильда) — аргентиналық футболшы, жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Кейін бапкерлікпен айналысты. 1986 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы

Клубтық Карьерасын 1973 жылы "Бока Хуниорс" клубында бастады. Үш маусым ойнап, 100-ден аса кездесуде алаңға шықты, 26 гол соқты.

1976 жылы "Эльчеге" ауысып, төрт маусым ойнады.

1980 жылы "Реал Сосьедадқа" ауысты. 1981 жылы "Бока Хуниорсқа" оралғанымен, бір маусым ғана ойнады, 1982 жылы "Эстудиантес" футболшысы атанды.

Кейін де бірнеше клубқа ("Мильлнарис", сосын тағы да "Эльче" мен "Эстудиантес", "Кобреола", "Барселона Гуаякиль" ) ауысып, 1993 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Ірі турнирлерден 1986 жылғы әлем чемпионатына ғана қатысты. Тек финалдық матч бітер тұста ғана алаңға шықты да, 93 секундтан соң матч аяқталды.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Эльче ФК ойыншылары Санат:Эстудиантес ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары