Марек Гамшик (; 27 шілде 1987 жыл, Банска Быстрица, Чехословакия) — словакиялық футболшы, Словакия Ұлттық футбол құрамасы мен "Далянь Ифан" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық Карьерасын "Слован" (Братислава) клубында бастады. 2004 жылы 17 жасында "Брешиаға" ауысты.

"Брешиада" өткізген екі маусымнан соң оған Еуропалық күшті клубтардың көзі түсе бастады. Нәтижесінде 2007 жылы жазда "Наполи" футболшысы атанды. Марек тез арада неапольдық клуб жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды.

"Наполи" сапында жүргенде де еуропалық күшті клубтар Маректі өздеріне алғысы келді, бірақ Марек 12 жыл бойы ешқайда кетпеді. 2013 жылы клуб капитаны боп тағайындалды.

2019 жылдың басында "Далянь Ифанға" ауысты.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2007 жылы 7 ақпанда Польшаға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2010 жылғы әлем біріншілігінде капитан ретінде ойнады, 22 жастағы Марек әлем чемпионаттары тарихындағы ең жас капитан боп тіркелді. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Наполи»

Италия вице-чемпионы: 2012/13, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Италия чемпионатының қола жүлдегері: 2010/11, 2013/14, 2016/17 Италия кубогы: 2011/12, 2013/14 Италия суперкубогы: 2014 Италия суперкубогының финалисі: 2012

Жеке

Словакиядағы жыл футболшысы (8): 2009, 2010, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 Словакияның үздік жас футболшысы (2): 2007, 2008 Италия чемпионатының үздік жас футболшысы: 2008

Дереккөздер

Санат:Словакия футболшылары Санат:Словакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Слован Братислава ФК ойыншылары Санат:Брешиа ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Далянь Ифан ФК ойыншылары