«Анортосис» () — Кипрдің Ларнака қаласындағы футбол клубы, 1911 жылы 30 қаңтарда құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Антонис Пападопулос стадионында өткізеді, сыйымдылығы 9000 адам.
1963/64 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар кубогында ойнап, бірінші кезеңде "Партизанға" жол берді. 2008/09 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, үш кездесуде тең ойнап ("Вердермен" екі рет, "Интермен" бір рет), бір кездесу жеңіске жетті ("Панатинайкосты" өз алаңында 3:1 есебімен ұтты). Екі кездесуде ("Интерден" және "Панатинаикостан") ұтылды.
Жетістіктері
Кипр чемпионы (13) 1949/50, 1956/57, 1957/58, 1959/60, 1961/62, 1962/63, 1994/95, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2004/05, 2007/08 Кипр кубогы (10) 1948/49, 1958/59, 1961/62, 1963/64, 1970/71, 1974/75, 1997/98, 2001/02, 2002/03, 2006/07 Кипр суперкубогы (7) 1962, 1964, 1995, 1998, 1999, 2000, 2007
Сілтемелер Ресми сайт Бейреси сайт
Санат:1930 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Кипр футбол клубтары