thumb|right|250px|Түрік қарулы күштеріндегі Bayraktar TB2 thumb|right|250px|Жаттығу миссиясы кезіндегі АҚШ әуе күштеріне тән MQ-9 Reaper Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (, UCAV, кейде Жауынгер дрон, немесе Соғыс дроны, ) — ұшқышсыз ұшу аппаратының (UAV) бір түрі болып, ол әдетте ракета, ATGM және дәлдігі жоғары бомбалар секілді әуе қарулары мен құралдарын алып жүреді, әрі бақылау мен шарлаудан басқа дрон соққысын жасауға қолданады. Әдетте бұл дрондарды адамдар нақты уақыт режимінде басқарып отырады, дегенмен аппараттың өзінде түрлі деңгейдегі автономиялылық (дербес қимыл) болады.
Мұндай типтегі ұшақтарда адам ұшқыштар болмайды. Оператор бұл құралдарды қашықтағы терминалдан басқарған кезде адами ұшқышқа қажет түспейді, нәтижесінде салмағы жеңіл, ұшқышты ұшаққа қарағанда кішірек өлшемде болады. Көптеген елдердің отандық басқарылатын UCAV аппараттары бар, көптеген мемлекеттер ең жаңа үлгідегі қарулы дрондарды импорттауға, немесе өз даму бағдарламалары бойынша жасап шығаруға талпынып жатыр.
Қолданушылар thumb|right|200px|AGM-114-пен қаруланған MQ-1 Predator, АҚШ thumb|right|200px|Elbit Hermes 450 thumb|right|200px|Wing Loong MAKS 2017
thumb|right|200px|Thales Watchkeeper WK450, Ұлыбритания Басқарылатын жауынгер дрондары бар елдер (дрон атаулары ағылшынша берілді): Әзербайжан - IAI Harop, BAYKAR Bayraktar TB2,Skystriker, АҚЖ Орбитер Бангладеш - Chengdu Wing Loong I Ботсвана - Elbit Hermes 450 Бразилия - Elbit Hermes 450 Колумбия - Elbit Hermes 450 Чили - Elbit Hermes 900 Қытай - GJ-11, IAI Harpy, Chengdu Wing Loong I, CH-3, CH-4, CH-5 Хорватия - Elbit Hermes 450 Кипр - Elbit Hermes 450 Египет - CAIG Wing Loong,, CASC Rainbow Франция - General Atomics MQ-9 Reaper "F" Грузия - Elbit Hermes 450 Үндістан - IAI Harop және IAI Harpy Индонезия - CH-4 Rainbow Иран - Shahed 129, Mohajer-6 Ирландия - Aeronautics Orbiter UAV, номер: 3+ Израиль - IAI Harpy, Elbit Hermes 450, IAI Harop. IAI Harpy. Elbit Hermes 900 Италия - MQ-1 Predator, MQ-9 Reaper АҚШ-тан және Piaggio Aerospace P.1HH Hammerhead италиялық Мексика - Elbit Hermes 450 Мьянма - CH-3A Нидерланд - MQ-9 Reaper Пәкістан - UCAV Burraq, GIDS Shahpar Ресей - С-70 «Охотник». Orion. Сауд Арабиясы - CAIG Wing Loong Сербия - Pegaz 011, Vrabac Mini UAV, CAIG Wing Loong, Aeronautics Defense Orbiter, CH-92 Сингапур - Elbit Hermes 450 Испания - Skeldar V-200 Түркия - TAI Anka, TAI Aksungur, IAI Harpy, IAI Harop, BAYKAR Bayraktar TB2, Bayraktar Akıncı, Vestel Karayel UCAVKarayel UCAV MAM L Firing – Vestel Defence Industry 16.06.2016: Vestel UCAV's firing test video 1Karayel UCAV MAM-L Firing Test – Vestel Defence Industry 25.06.2016: Vestel UCAV's firing test video 2 Біріккен Араб Әмірліктері - CAIG Wing Loong Ұлыбритания - MQ-9 Reaper, Thales Watchkeeper WK450 АҚШ - MQ-1 Predator, MQ-9 Reaper, Global Hawk, RQ-180 Sentinel.
Тарихы Соғыс дроны тұжырымдамасы туралы алғаш ізденушілер АҚШ тапқырлаушысы, радио құрылғысын алғаш тапқырлаған Ли Де Форест (1873–1961) және теледидар инженері У.А.Санабрия (1906–1969) болды. Олар өз идеяларын 1940 жылы "Popular Mechanics" журналында мақала етіп жариялады."Robot Television Bomber" Popular Mechanics June 1940 Бүгінгі заманауи әскери дрон Джон Стюарт Фостердің жасампаздық нәтижесі болды, ол ядро физигі, әрі Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының (сол кезде Лоуренс радиация зертханасы деп аталған) бұрынғы жетекшісі болатын. 1971 жылы бір ұшақ моделінің әуесқойы болған Фостер оны қару жасауға қолдануға болады деген ойға келеді. Ол жоспар құрып, ақыры 1973 жылға қарай DARPA (Defence Advanced Research Projects Agency) арқылы "Прерия" (Prairie) және "Калера" (Calera) деп аталатын екі прототип жасады. Олар модификацияланған шөп шапқыштың қозғалтқышымен жұмыс істеп, 13 кг жүкті екі сағат бойы көтеріп жоғарыда тұра алды.
1973 жылы Араб-Израиль соғысында (Yom Kippur War) Израиль Мысырды зениттік зымырандардың барлық арсеналын атуға мәжбүрлеу үшін АҚШ-тың қарусыз Райан Файерби (AQM-34) дрондарын қолданды. Египет қорғанысын тез әлсіреткен бұл миссияны Израиль ешбір ұшқышын жараламай сәтті орындады. 70-80 жылдардың аяғында Израиль Шарлаушы (Scout) және Пионерді (Pioneer) жасады, олар қазір қолданылатын жеңіл, планер типті UAV моделіне ауысуға өкілдік етті. Израиль ұшқышсыз ұшу аппараттарын (UAVs) нақты уақыт режимінде бақылау, электронды соғыс және жаңылыстыру құралы ретінде алғаш қолданды. 1982 жылы Ливан соғысы басталған кезде Mole Cricket 19 операциясында Израиль осы ұшқышсыз ұшақтар ұсынған суреттер мен радарлы жаңылыстырудың арқасында ешбір ұшқышын құлатпай, Сирияның әуе қорғанысын толығымен жаншуға қол жеткізді.
1980 жылдардың соңында Иран-Ирак соғысында Иран алты RPG-7 патронымен қаруланған дронды пайдаланды.
Израильдің жетістігіне таңданған АҚШ тез арада бірқатар UAV сатып алды, ал оның Hunter және Pioneer жүйелері Израиль модельдерінің тікелей туындыcы болатын. Алғашқы 'UAV соғысы' бірінші Шығанақ соғысы болды: 1991 жылғы мамырдағы Әскери-теңіз күштері департаментінің есебі бойынша: "Шөлдегі дауыл" операциясы барысында кем дегенде бір UAV барлық уақытта әуеде болған". Шығанақ соғысында соғыс дрондарының пайдасы толық паш болған соң, әлемдік әскерлер ұшақсыз ұшақтарды отандық дамытуға кең көлемде қаражат бөлді. Алғашқы "өлтіру" американдық UAV жағынан 2001 жылдың 7 қазанында Кандагарда болған.
Соңғы жылдары АҚШ терроризмге қарсы соғыс шеңберінде шет елдердегі және түрлі жерлердегі нысандарға ұшқышсыз соққы жасауды көбейтті. 2014 жылдың қаңтарындағы есеп бойынша, бес жыл ішінде АҚШ-тың дрон соққыларынан 2400 адам қайтыс болды деп есептелген. 2015 жылдың маусымында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарының соққысының жалпы саны 6000-нан асты деп бағаланды. Болашақ моделдер thumb|right|200px|BAE Systems Corax ұшу сынағын жасауда thumb|right|200px|Байрактардың артқы камерасынан түсірілген Түркияның Сарос шығанағы өңіріндегі күннің шығуы, 5.5км биіктікте. thumb|right|200px|Германияның Манхинг авиабазасындағы EADS Barracuda thumb|right|200px|2013 Париж әуе көрмесіндегі Израильдің IAI Harop дроны. Оқтұмсық бөлек емес, дронның өзі оқтұмсық есептеледі. Жалпы шолу Ескерту: Бұлардың кейі ұшқышсыз ұшақтың протоипі емес, технологиялық демонстранттар (TD) болып, қолданысқа енбеуі мүмкін.
Атауы Өндіруші (лер) Дамытқан ел/район (дар) A-10PCAS Elbit Systems Израиль Sky-X (TD) Alenia Aeronautica Италия Selex ES Falco Selex ES Италия Piaggio P.1HH HammerHead Piaggio Aerospace Италия Eitan Israel Aerospace Industries Израиль Harop Israel Aerospace Industries Израиль AVIC 601-S Shenyang Aircraft Design Institute Қытай Ghatak Defence Research and Development Organisation Үндістан Taranis (TD) BAE Systems Ұлыбритания Dassault nEUROn (TD) Dassault Aviation Rustom Defence Research and Development Organisation Үндістан Avenger General Atomics Aeronautical Systems АҚШ TERN Northrop Grumman АҚШC Northrop Grumman АҚШ Armstechno Dulo (TD) Armstechno Болгария Bateleur (TD) Denel Dynamics Оңтүстік Африка TATI Buraq Тунис TATI Jinn Тунис Akıncı Baykar Savunma Түркия Anka-S Turkish Aerospace Industries Түркия Байрактар тактикалық UAS (Bayraktar TB1) Kale-Baykar Түркия Bayraktar TB2 Baykar Savunma Түркия Vestel Karayel VESTEL Defence Industry Түркия TAI Aksungur Turkish Aerospace Industries Түркия Cardinal Mini Unmanned Aircraft SystemNational Chung-Shan Institute of Science and TechnologyТайванAlbatross Tactical Unmanned Aircraft SystemNational Chung-Shan Institute of Science and TechnologyТайван Burraq National Engineering and Scientific Commission (NESCOM) Пәкістан GIDS Shahpar Global Industrial Defence Solutions (GIDS) Пәкістан GIDS Uqab NESCOM Пәкістан Shahed 129 Shahed Aviation Industries Research Center Иран Barracuda (TD) EADS Sukhoi S-70 Okhotnik-B Sukhoi Ресей MQM-107-ұшпа болмбаны негіз етеді Солтүстік Корея
BAE Systems Taranis thumb|right|200px|2008 жылы Farnborough Airshow көрмесінде көрсетілген BAE Taranis UAV моделі.
Taranis - бұл Британдық ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (UCAV) технологиясының демонстрант түрі. Ол Ұлыбританияның ұшқышсыз ұшу аппараты (эксперименттік) бағдарламасының (SUAV[E]) страатегиялық маңызды бөлігі. BAE бұл тұрғыда Taranis-тің рөлін былай сипаттайды: "Бұл £124 млн тұратын төрт жылдық бағдарлама Ұлыбритания үкіметінің стратегиялық Ұшқышсыз ұшу аппараты эксперименті (SUAVE) болып табылады, нәтижеде толық интеграцияланған автономды жүйелерге және байқалуының төмендігі ерекшелігіне ие UCAV демонстрант майданға келді".
Taranis демонстрантының максималды ұшып шығу салмағы (MTOW) шамамен 8000кг болды, көлемі BAE Hawk аппаратымен қарайлар болды, - бұл оны әлемдегі ең ірі UAV-дің бірі етеді. Ол жасырынғыш, жылдам ұшады, әрі көптеген оқ-дәрілерді бірқатар нысандарға жібере алады, сондай-ақ ұшқышты және ұшқышсыз басқа жау ұшақтарынан қорғануға қабілетті. Ол 2007 жылдың қыркүйегінен бастап жасалып, сынақ 2009 жылдың басында басталды. Taranis-тың алғашқы ұшуы 2013 жылы тамызда Аустралияның Вумера қаласында болды.Farmer, Ben (6 February 2014) Successful test flight for Taranis stealth drone Daily Telegraph, Page 12 Демонстранттың екі ішкі қару-жарақ қуысы болды. Оған "толық автономия" енгізілген болып, бұл платформа миссияның көп бөлігін "өзі ойластыра алады".
J-UCAS thumb|right|200px|J-UCAS Боинг X-45A UCAV технологиялық демонстрант
Boeing X-45 UCAV (TD) Northrop-Grumman X-47 Pegasus Бірлескен ұшақсыз әуе соғыс жүйелері (Joint Unmanned Combat Air Systems, немесе J-UCAS) —- АҚШ-тың бірлескен әскери Теңіз күштері мен Әуе күштерінің ұшақсыз әуе соғыс аппаратын қалыптастыру жобасы. J-UCAS әдетте DARPA, яғни АҚШ қорғаныс министрлігінің Қорғаныстық жетілдірілген ғылыми жобалар басқармасы жағынан басқарылады. 2006 жылғы Төртжылдық қорғаныс рецензиясында (Quadrennial Defense Review) J-UCAS бағдарламасы тоқтатылды."Pentagon Sets Plan For New Bomber, Terminates J-UCAS Program" , by Jason Sherman, GlobalSecurity.org, 13 January 2006 Бағдарлама стелс-технологияларды қолдануға, UCAV-ті дәл басқарылатын қару-жарақпен қаруландыруға мүмкіндік беретін еді, мысалы Бірлескен тіке шабуыл оқұтмсығы (JDAM), немесе дәл басқарылатын ұсақ оқ-дәрілер, мысалы, қарсыласының әуе қорғанысын талқандау үшін қолданылатын кіші диаметрлі бомба, тб. Контроллерлер ұрыс даласында және айналасында болып жатқан өзгерістерді жоспарлау және оған жауап беру үшін жасандысеріктер арқылы нақты уақыт режиміндегі дереккөздерді қолдана алады.
Бұл бағдарлама кейінірек ұшқышсыз тасығыш ұшақты дамытуға арналған АҚШ теңіз күштері бағдарламасы ретіндегі UCAS-D-тің құрамына енгізілді."Carrier UCAVs: The Return of UCAS" , Defense Industry Daily, 7 February 2010
N-UCAS thumb|right|200px|Northrop Grumman X-47B UCAS-D және Northrop Grumman X-47B - бұл АҚШ теңіз күштеріндегі J-UCAS-тің жалғыз ізбасарлары, J-UCAS жобасы 2006 жылы тоқтатылған болатын. Боинг компаниясы осы секторда X-45N бойынша зерттеу жасады.
2011 жылы The New York Times-тың "Қытайдың әскери-теңіз амбициясы" атты жаңа жылдық мақаласында былай делінген: "Пентагон Қытайдың зымыран қауіпіне оңай ұшырауға жол бермес үшін Азиядағы американдық әскери-теңіз күштеріне қолдауын арттырып, оларға алыс теңізден атылатын тосқауыл күшін жобалауға мүмкіндік беруі тиіс. Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі жетіспейтіндіктен, әскери-теңіз күштері DDG-1000 эсминецін сатып алуды тоқтату алғашқы қадам болады. Ең маңыздысы теңіз күштерінің қысқа қашықтықтық ұшқышты F-18, F-35 қатарлы шабуылдаушы ұшақтарға тәуелділігін азайту, тасымалдаушылар ұсынған N-UCAS жүйесін пайдалану...."Editorial , The New York Times, January 1, 2011 (January 2, 2011 p. WK7 NY ed.). Retrieved 2011-01-02.
2011 жылдың 6 қаңтарында АҚШ қорғаныс министрлігі (DOD) 2012 жылғы бюджеттік өтінімге N-UCAS бойынша қосымша инвестиция салатынын мәлімдеді. USAF Hunter-Killer thumb|right|200px|RQ-4A
Модель 395 Модель 396 General Atomics MQ-9 Reaper (бастапқысы: MQ-1 Predator B) Aurora Flight Sciences/Israel Aircraft Industries Eagle/Heron 2 Lockheed Martin, атаусыз