Нестор Фернандо Муслера Миколь (; 16 маусым 1986 жылhttps://bdfa.com.ar/jugadores-35337.html, Буэнос-Айрес) — уругвайлық футболшы, Уругвай Ұлттық футбол құрамасы мен "Галатасарай" клубының қақпашысы.

Карьерасы

Клубтық 2007 жылы жазда "Насьонал Монтевидео" клубынан "Лациоға" ауысты. Трансфер құны 3 млн еуроны құрады. Сол кезде Анджело Перуцци карьерасын аяқтап, "Лационың" негізгі құрамынан бірден орын алды. Бірақ көп ұзамай "Миланмен" ойында Муслера 5 гол жіберіп алды, соның төртеуінде мұның тікелей кінәсі болғандықтан, негізгі құрамдағы орнын 44 жастағы Марко Балоттаға оңай беріп қойды.

Келесі маусымда клубқа аргентиналық қақпашы Хуан Пабло Каррисо келді де, Муслера тағы қосалқы құрамда қалды. Бірақ ұзамай Каррисо формасын жоғалтты, оның үстіне клуб жетекшілерімен бірақ кикілжіңге келіп, клуб тағы да Муслераға көбірек сенім артуына тура келді. Көп ұзамай негізгі құрамға мықтап орнықты.

2011 жылы "Галатасарайға" ауысты. Алғашқы маусымда 18 кездесуде гол жібермей, әйгілі Клаудио Таффарелдің рекордын жаңартты. Сол маусымда Түркия чемпионы атанды.

2017 жылы клубпен тағы да 4 жылдық келісім шарт жасасты.

Халықаралық Ірі турнирлерде тұңғыш рет 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Кейін 2014, 2018 жылғы әлем чемпионаттарында да құраманың негізгі қақпашысы болды. Одан бөлек 2013 жылы Конфедерациялар кубогында, 2011, 2015, 2016, 2019 жылғы Америка кубоктарында құрама намысын қорғады.

Жетістіктері Лацио:

Италия кубогы: 2008/09 Италия суперкубогы: 2009

Галатасарай:

Түркия чемпионы (5): 2011/12, 2012/13, 2014/15, 2017/18, 2018/19 Түркия кубогы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16 Түркия суперкубогы (4): 2012, 2013, 2015, 2016 Түркиядағы жыл футболшысы (1): 2015 Түркияның үздік қақпашысы (2): 2014/15, 2017/18

Уругвай:

Америка кубогы: 2011 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2010 Конфедерациялар кубогының жартылай финалисі: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Буэнос-Айресте туғандар Санат:Уругвай футболшылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Монтевидео Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Насьональ Монтевидео ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары