Алексей Викторович Козлов (23 ақпан 1970 жыл, Ашхабад) — кеңестік, түрікменстандық және ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасында КСРО, Түркия, Түрікменстан, Ресей чемпионаттарында және Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасында доп тепті.
Карьерасы
Клубтық "Копетдаг" клубының түлегі. 1990 жылы карьерасын осы клубта бастады да, 1990, 1991 жылғы маусымда КСРО екінші лигасында ойнады.
1992 жылы Түрікменстанның тұңғыш чемпионатында да "Копетдаг" сапыда ойнады, бірақ маусым барысында "Генчлербірлігі" клубына ауысып кетті. 1993 жылы жазда туған клубына қайта оралды.
1995 жылы біраз үзілістен соң карьерасын қайта жаңғыртып, "Анжи" сапында ойнады. Содан "Сатурнға" ауысып, Түрікменстан чемпионатына тек 2000 жылы ғана оралып, "Ниса" сапында доп тепті.
Кейін ресейлік әуесқой клубтарда ойнады.
Халықаралық Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1992 жылы 1 маусымда Қазақстан құрамасына қарсы өткізді.
Сілтемелер https://web.archive.org/web/20201118084627/https://footballfacts.ru/person/8174 https://www.national-football-teams.com/player/30827.html http://www.tff.org/Default.aspx?pageId=526&kisiId=24531
Санат:КСРО футболшылары Санат:Түрікменстан футболшылары Санат:Түрікменстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Копетдаг ФК ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Анжи ФК ойыншылары Санат:Сатурн ФК ойыншылары Санат:Ниса ФК ойыншылары