«Антальяспор» () — Түркияның Анталия қаласындағы футбол клубы, өз алаңындағы ойындарын Анталия Арена стадионында өткізеді, сыйымдылығы 32 мың адам. Қазіргі күнде Түркия суперлигасында ойнайды.

Тарихы 1966 жылы "Еникапи СуСпор", "Илк Ишикспор" және "Феррокромспор" клубтарының бірігуімен құрылды.

1982/83 жылғы маусымда тұңғыш рет суперлигада ойнады. Суперлигадағы ең жоғары жетістігі — 1998/99 жылғы алтыншы орын.

2000 жылы Түркия кубогының финалына шықты, бірақ "Галатасарайдан" пенальтилер арқылы сүрінді. Осы жетістігінен соң келесі маусымда УЕФА кубогына қатысты. Бастапқы раундта Әзірбайжанның "Гәнжә" клубын жалпы 7:0 есебімен ұтты, бірақ келесі сатыда "Вердерге" жол берді (2:0, 0:6).

Жетістіктері

Ұлттық Түркия кубогы Финалист — 2000, 2021 Бірінші лига Жеңімпаз — 1982, 1986 Финалист — 2006, 2008

Сілтемелер Ресми сайт https://instagram.com/antalyaspor

Санат:Түркия футбол клубтары