Мичел Сальгадо (; 22 қазан 1975https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7515, Ас-Невес, Галисия) — испаниялық футболшы, қорғаушы. Кейін бапкерлікпен айналысты. Қазіргі уақытта "Әл-Жазира" телеарнасында футбол сарапшысы боп жұмыс істейді.

Карьерасы "Сельта" клубының түлегі. 1994/95 жылғы маусымда клуб сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 1996/97 жылғы маусымды "Саламанкада" арендада өткізді де, "Сельтаға" қайта оралған соң негізгі құрам футболшысы атанды.

1999 жылы жазда "Реал Мадридке" ауысты. Мадридтік клубта он маусым ойнап, клубтық деңгейдегі барлық жүлдеге қол жеткізді.

2009 жылы"Блэкберн Роверс" футболшысы атанды. Үш жыл Англия чемпионатында ойнап, 2012 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама 2000 жылы Еуропа чемпионатына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

Испания чемпионы: 2001, 2003, 2007, 2008 Чемпиондар лигасы: 2000, 2002 УЕФА суперкубогы: 2002

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Саламанка ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары