Пер Томас БролинTomas Brolin på fotbollsgymnasium 1988, Томас Брулин (; , Худиксвалль, Евлеборг, Швеция) — швециялық футболшы, шабуылшы. 1990, 1994 жылдары Швециядағы жыл футболшысы атанды. 1994 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамына енгізілді.
Карьерасы "Навискен" клубының түлегі. 1984 жылы карьерасын осы клубта бастап, екі маусым ойнады. 1987 жылы "Сундсвалль" клубына ауысты. 1990 жылғы маусымды "Норрчепингте" өткізді.
1990 жылғы әлем чемпионатынан соң "Парма" футболшысы атанды. Сол жылы ғана Италия А сериясына жолдама алған клуб 1990/91 жылғы маусымды 7-ші орынмен аяқтады, ал Бролин жеті голдың авторы атанды. Ал келесі маусымда Бролин не бары төрт гол ғана соқты, есесіне Италия кубогын иеленді (клуб тарихында бірінші рет).
1995 жылы "Пармаға" Христо Стоичков келген соң Бролин негізгі құрамнан ығыстырылды, оның үстіне жиі жарақаттана беретін футболшымен клуб басшылары келісім шартты созған жоқ, солайша футболшы "Лидс Юнайтедке" ауысты. Бірақ англиялық клубта да футболшының жолы бола қоймады, алаңға жиі шыға алмай, бір маусымнан соң жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды да, "Цюрихке" жалға берілді. Ал 1996 жылы желтоқсанда бұрынғы клубы "Пармаға" жалға берілді.
1997 жылы күзде "Кристал Пэлас" футболшысы атанды. 1997/98 жылғы маусымда клуб төменгі лигаға түсіп кетті, ал Бролин 13 кездесуде алаңға шығып, бір гол да соға алмады.
1998 жылы 12 тамызда карьерасындағы соңғы ойынын қақпашы ретінде өткізді (ойынның 78-ші минутында алаңға шықты).
Жетістіктері
Командалық Италия кубогы : 1992 Кубок иелері кубогы : 1993 УЕФА суперкубогы : 1993 УЕФА кубогы : 1994/95
Жеке
ЕУРО-1992 үздік мергені: 3 гол (Деннис Бергкамппен бірге)
Қатысқан турнирлері
Футболдан әлем чемпионаты 1990 Футболдан Еуропа чемпионаты 1992 Футболдан әлем чемпионаты 1994 1992 жылғы Олимпиада ойындары
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Швеция футболшылары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сундсвалль ФК ойыншылары Санат:Норчепинг ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Цюрих ФК ойыншылары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары