Маркюс, Лильян Тюрам-Юльен (; 6 тамыз 1997 жыл, Реджо-нель-Эмилия, Италия) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Интернационале" клубының шабуылшысы. 1998 жылы әлем чемпионы атанған Лилиан Тюрамның ұлы. 2022 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Карьерасы 2015 жылы "Сошо" клубында карьерасын бастады. Екі маусымда 37 кездесуде Франция чемпионатында алаңға шықса да, бір ғана гол соқты. 2017 жылы жазда "Генгамға" ауысты.
2019 жылы "Боруссия" 12 млн еуроға сатып алды. Бұл трансферге әкесі де араласты. Клубтың инфрақұрылымы, жергілікті фанаттардың клубқа қатты берілгендігі Лилиан Тюрамды қатты қызықтырған болса керек.
2020 жылы Чемпиондар Лигасында "Реал Мадрид" қақпасына бір гол соқты.
2016 жылы 19 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы атанды.
Жетістіктері
Франция
Еуропа чемпионы (19): 2016
Әлем Біріншілігі (күміс): 2022
«Интернационале» Италия чемпионы: 2023/24 Суперкубок: 2022
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сошо ФК ойыншылары Санат:Генгам ФК ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары