«Бастия» (;) — Францияның Бастия қаласындағы футбол клубы, 1905 жылы құрылған. Қазір Франция чемпионатының бесінші дивизионында ойнайды.

2016/17 жылғы маусым қорытындысында элитадан екінші лигаға түсіп кетті. Келесі маусымда қаржылық пейр-плей заңын бұзғаны үшін үшінші лигаға төмендетілді. Артынша клуб банкрот жариялады да, кәсіпқой клуб лицензиясынан айрылып, бесінші лигаға түсіп кетті.

1977/78 жылғы маусымда УЕФА кубогының финалына шықты. Финалда ПСВ клубынан ұтылып қалды. Бұл клубтың еуротурнирлердегі ең жоғары көрсеткіші. Арада 19 жыл өткен соң Интертото кубогы жеңімпазы атанды.

Жетістіктері

Ұлттық Франция кубогы

Жеңімпаз: 1980/1981. Финалист (2): 1971/72, 2001/02.

Лига кубогы

Финалист: 1994/95, 2014/15.

Лига 2

Жеңімпаз (2): 1967/68, 2011/12.

Франция суперкубогы

Жеңімпаз: 1972

Корсика чемпионаты

Жеңімпаз (17): 1922, 1927, 1928, 1929, 1930, 1931, 1932, 1935, 1936, 1942, 1943, 1946, 1947, 1949, 1959, 1962, 1963.

Халықаралық УЕФА кубогы

Финалист: 1978.

Интертото кубогы

Жеңімпаз: 1997.

Атақты ойыншылары

Алу Диарра Кристиан Карамбё Микаэль Ландро Жером Ротен Альберто Тарантини Майкл Эссьен Роже Милла Александр Сонг Джонни Реп Драган Джаич Милош Красич

Сілтемелер

http://www.sc-bastia.corsica/

Санат:Франция футбол клубтары Санат:Интертото кубогының жеңімпаз клубтары