Луис Адольфо Гальван (; 24 сәуір 1948 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/18641.html, Фернандес, Сантьяго-дель-Эстеро, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қорғаушы. 1978 жылғы әлем чемпионы.
Карьерасы "Тальерес Кордова" клубының түлегі. 1970 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастап, ұзақ уақыт ойнады. 1982 жылы ғана клубтан кетіп, тағы аргентиналық "Лома Негра" клубына қосылды.
Кейінгі карьерасында да "Бельграно", "Сентраль" секілді Аргентина клубтарында доп тепті. Тек 1986 жылы азырақ уақыт Боливияның "Боливар" клубында ойнады.
1975 жылы ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Бірақ сол жылғы Америка кубогына қатыспады. Есесіне 1978 жылы өз елінде өткен әлем чемпионатына қатысып, бірнеше кезздесуде (соның арасына Нидерландпен өткен финалдық ойын да бар) алаңға шығып, әлем чемпионы атанды.
1982 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Клубтық
Аргентинаның вице-чемпионы (1): 1977 (Насьональ) Аргентинаның қола жүлдегері (1): 1980 (Метрополитано)
Ұлттық құрама
Әлем чемпионы (1): 1978
Қатысқан турнирері
Футболдан әлем чемпионаты 1978 Футболдан әлем чемпионаты 1982
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тальерес ФК ойыншылары Санат:Боливар ФК ойыншылары Санат:Бельграно ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары